Жолаушы толы автобус Алматы-Шымкент тасжолында аударылып қалды


Алматы-Шымкент тасжолында ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

31 жолаушы мінген автобус жода аударылып қалған. Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Айша-бибі ауылының маңында болған. "Жедел медициналық көмек көрсету үшін 13 санитарлық көлік жіберілді. Үш жолаушыға оқиға орнында көмек көрсетілді. №1 қалалық ауруханаға 28 адам жеткізілді, олардың сегізі ауруханаға жатқызылды, ал 19 адамға көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. 1 бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, - дейді басқарма өкілдері. Оқиға салдарынан 1997 жылы туған 1 адам қаза тапты.