«Жолаушылар тасымалы» "Астана-Қызылорда" пойызының екінші құрамын іске қосады


Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жолаушылар тасымалы» АҚ 2015 жылдың 25 сәуірінен бастап халық сұранысын ескере отырып, «Астана-Қызылорда» бағытындағы N89/90 жолаушылар пойызының «Тұлпар-Тальго» вагондарынан тұратын екінші құрамын іске қосады. Бұрын төрт күнде бір жүрсе, бұдан былай күнара қатынайды.
Пойыз 23 вагоннан тұрады, оның екеуі «Гранд», 2 – «Бизнес», 14 – «Турист», 2 вагон-ресторан, 3 техникалық вагон. Пойыз бағыты Шаған, Шу, Жамбыл, Шымкент, Арыс-2, Түркістан станциялары арқылы өтеді.