Жолаушылар тірідей жанып кете жаздады


Жалын екі қабатты автобустың қозғалтқышынан басталып, әп-сәтте салонға жайылыпты. Жолаушылардың мұндай оқыс оқиғаларға еті үйренсе керек, ешқандай үрейсіз дер кезінде сыртқа шығып үлгерген. Құдай сақтап зардап шеккендер жоқ. Тура жол бойында отқа оранған автобустың санаулы минутта күлі ғана қалды. Ал қоғамдық көлікпен бірге жүктері жанып кеткен  жолаушылар шығын көлемін есептеп жатыр. Бірақ оны кімнен өндіріп аларын әзірге білмейді.