Жолаушының өліміне байланысты ресейлік ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

«Бүгін түнде борттағы адам өліміне байланысты мәскеулік Шереметьево әуежайынан Астраханға ұшып шыққан ұшақ Волгоград қаласына шұғыл түрде қонды», - дейді приволждік көліктік полиция қызметкері аталған ресейлік ақпарат агенттігіне берген түсініктемесінде.

Оның айтуынша, ұшақ бортында 1927 туылған әйел азамат қайтыс болған. Оның жанында туыстары болыпты.

Дереккөзінің хабарлауынша, қайтыс болған азамат онкологиялық аурумен ауырған. Полиция тексеріс жүргізу үшін аталған іске қатысты материалдарды тергеушілерге жіберген.