Жолда қалған 40 шақты жолаушы құтқарылды - ШҚО

Атап айтқанда, Тарбағатай ауданында 42 адам мінген автобус сынып жолда қалған, оның ішінде екі бала да бар.

Құтқарушылар жолаушыларды жақын жердегі елді мекенге жеткізді.
Сонымен қатар, Аягөз қаласынан 60 шақырым жерде жеңіл көлік жолдың ернеуіне шығып кеткен. Көлікте әйел мен екі кішкене бала болған. Оларға да көмек көрсетілді.