Жолда қалған азамат көлігінің терезесін қаққан жас жігітті атып тастаған - ШҚО

Облыстық полиция баспасөз қызметінің өкілі Лариса Поломошнованың айтуынша, Қатон-Қарағай ауданының тұрғыны жанармайы бітіп қалған соң көлікте түнемек болған.

Сол сәтте мотоциклмен өтіп бара жатқан көрші ауылдың жігіттері көліктегі жүргізушіні көріп қалып, көмектеспек болыпты.
Терезені қаққан жігітті ұры-қары деп қалған жүргізуші оны атып тастаған. Жігіт ауруханаға жетпей көз жұмды.