Жолдағы қардың тазаланбағанын көрген тұрғындар мердігерлерге хабарласа алады


Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.  

"Қала көшелерін қардан тазалау үшін түнгі уақытта 60-тан астам техника шықса, күндіз олардың саны 100-ге жетеді. Жалпы, қардан тазарту жұмыстарын екі мердігер фирма жүргізеді. «Горкомхоз-Павлодар» ЖШС-нің қарамағына  Ертіс өзенінен Кутузов көшесіне дейін және қаланың батысындағы айналмалы жолдар жатса, «Холдинг Транс Павлодар» ЖШС Кутузов көшесінен Шарбақты ауданының бағытындағы тас жолына дейін және шығыс айналмалы жолдарын тазартады. Тазартылатын жолдың аумағы 2802 мың шаршы метрді құрайды" дейді тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Зікірия Сұлтанғазинов.