«22 қаңтарда Жедел медициналық көмек станциясы қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ішінен және мойынынан жарақат алған 45 жастағы жергілікті тұрғынға көпсалалы облыстық аурухананың жедел жәрдем бөлмесіне жеткізілді деген хабарлама түсті. Жәбірленушінің жеке көлікпен такси қызметін аатқаратыны анықталды», - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде, күдікті, 35 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны анықталып ұсталды. Ол полиция қызметкерлерін жедел іздестіру орталығының CCTV камераларының көмегімен ұсталды.
23 қаңтарда жәбірленуші қайтыс болды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша (кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, мойындау бар, қылмыс құралы тәркіленді.
«Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», - деп қорытындылады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, жергілікті такси жүргізушілері арасында таратылған ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдайға қайтыс болған такси жүргізушісінің қажетті мекен-жайға бармауы себеп болуы мүмкін.