Жолымбет шахтасында көміліп қалған кенші 5 күннен бері табылмай жатыр


Ал онымен бірге болған тағы бір кенші үйінді астынан дін-аман құтқарылыпты. Ауруханаға түскен жұмысшының жағдайы қазір едәуір жақсарған. Тек екінші кенші әлі табылар емес. Құтқару қызметі іздестіру жұмыстарын тоқтаусыз жүргізіп жатыр. Тіпті арнайы мамандар іргелес облыстардан да шақырылған. Қазір құзырлы органдар «Қазақалтын» тау-кен концерніне қарайтын Жолымбет кенішінде қауіпсіздік ережесінің қаншалықты сақталғанын тексеруге кірісті.