Жомарт кенішінде Қазақмыстың жұмысшысы қаза тапты


Компания филиалының қызметкерін өздігінен жүретін жерасты машинасы қағып кетіп, ол сол жерде қаза тапты.
Аталған оқиғаға қатысты тергеу жүргізетін арнайы комиссия құрылды.

Қазақмыс қызметкерлері марқұмның отбасы, туған-туыстары мен достарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.