Жөндеу мақсатына бөлінетін қаржы көлемі үш есе ұлғайтылған жағдайда ғана республика автожолдарын толыққанды жаңалауға болады - ҚР көлік және коммуникация министрі

Министрдің айтуынша, "жолдардың асфальтті қаптамаларының тез тозу құбылысын тоқтата алмай отыруымызға қарап жолдарды жаңалау қарқыны бәсең деп бағалауға болады". Қ.Нағмановтың айтуынша, соңғы үш жылда республикада жыл сайын республикалық маңызы бар 2 мың шақырымдай автожолдар қалпына келтірілуде. "Ал белгіленген тәртіп бойынша жылына 8 мың шақырым жол жаңалануы тиіс". Қ.Нағманов осы орайда "жыл сайын Қазақстанда республикалық маңызды 40 мың шақырым автожол жарамсыз күйге көшеді" деген ғылыми сарапшылар қорытындысына сілтеме жасады. "Жөндеу мақсатына бөлінетін қаржы көлемі үш есе ұлғайтылған жағдайда ғана республика автожолдарын толыққанды жаңалауға болады",- деді министр.

Қ.Нағмановтың айтуынша, 2003-жылы республикалық маңызы бар 1468 шақырым жол жөндеуден өткен. Ал осы мақсатқа бөлінген бюджет қаржысының игерілу көрсеткіші 2002-жылы 75 процент болса, биыл 98 процентке жетті. 2004-жылы автожол саласын дамытуға бюджеттен 40,8 млрд. теңге бөлінді.