Жоңғар Алатауында жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісінің кіндігі Талдықорған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымда, солтүстік ендіктің 44 градус 46 минуты, шығыс бойлықтың 78 градус 48 минутында тіркелді.

Сілкініс ошағында 3 балл, Талдықорғанда 2 балл қуаты бар дүмпу сезілді. Министрлік ақпаратына сәйкес, зардап шеккендер мен қираған-бүлінген дүние туралы ақпарат келіп түскен жоқ.