«Жұмысқа жаңадан келген азаматтар мемлекеттік қызметке тек ең төменгі әкімшілік лаузымнан бастайды, конкурстық іріктеумен ғана тағайындалады. Ары қарай оның мансабы мемлекеттік қызмет сатысында біртіндеп, тәжірибе жинағанына және біліміне сәйкес келесі лауазымның біліктілік талаптарына қарай конкурсқа қатысып, осындай іріктеумен және конкурстық ашық тағайындаумен ғана жоғарылайды»,-деді С. Ахметжанов.
Оның сөзіне қарағанда, биыл жоғары оқу орнын тәмамдаған жас мамандар ашық конкурс арқылы тек төменгі лауазымнан ғана мемлекеттік қызметін бастайтын болады.