Жозе Моуриньо «Реалдан» кетеді


Моуриньо командадан биыл 30 маусымда кетеді. Ал жалпы, келісім бойынша ол «Реалды» 2016 жылға дейін жаттықтыру керек. Келісімді уақытынан бұрын бұзғаны үшін Перес Жозеге 10 миллион еуро төлейді. Команда басышысы мен Моуриньо арасында келіспеушілік те бар сияқты. Перес «Моуриньо» Цюрихте өткен «Алтын доп» тапсыру рәсіміне бармай команда беделіне нұқсан келтірді» деген пікір білдірді. Жозе алдағы уақытта ПСЖ командасын баптауы мүмкін.