«Көп жағдайда мен жеңіп алған медальдарымды өзімде сақтамаймын. Ал, жеңілістен кейін алған медальдар туралы айтудың өзі артық... Кішкентай бала үшін бұл сәт мәңгі есінде қалады. Оның кім екенін, қайдан келгенін білмеймін, "Манчестер Юнайтед" клубының футболкасын киіп отыр екен», — деп мәлімдеді Моуринью.
Еске салайық, кеше түнде мадридтік «Реал» мен «Манчестер Юнайтед» УЕФА-ның суперкубогін өзара сарапқа салған болатын. Ойын 2:1 есебімен испандық клубтың жеңісімен аяқталды. «Реал» сапынан 24 минутта Карлос Касемиро гол соғып, командасын алға шығарса, 52 минутта Иско есепті еселеді. Ал, «Манчестер Юнайтед» клубына кеше ғана ауысып келген Ромелу Лукаку 62 минутта жалғыз голмен көзге түсіп, есепті қысқарта алды. Қалған уақытта клубтар өткір шабуылдар ұйымдастыра алғанымен, ойын нәтижесін өзгерте алған жоқ.