«Осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрылған, қазір комиссия жұмысын аяқтаған жоқ. Тергеу аяқталған соң, жауабын жария етеміз. Шамамен, сәуір айының соңына қарай мәселенің мәні белгілі болады»,-деп жауап берді Е.Қанағатов.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 24 желтоқсанында Халықаралық ауыр атлетика федерациясы зертханалық сараптамалар нәтижесін негізге ала отырып, 2015 жылғы әлем чемпионатының жүлдегерлері - Алмас Өтешеов пен Жасұлан Қыдырбаевты, сондай-ақ, Ермек Өміртайды допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жарыстан шеттеткен болады. Сондықтан, Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы тексеруді бастаған еді.