Мұндай мәлімдеме 23-қаңтар күні партия көшбасшысы Жармахан Тұяқбайдың төрағалығымен өткен партияның кеңесінде жасалды, делінген аталмыш партиядан таралған баспасөз хабарламасында.
"Жалпыұлттық социал-демократиялық партия іс жүзінде елдегі жалғыз оппозициялық күш ретінде қалып отыр”, делінген онда.
Партия төрағасы 2015 жылға белгілеген міндеттерге орай партияның жастар және әйелдер “қанаттарының” жұмысы түбегейлі өзгеріп, аймақтық филиалдардың жұмысы жаңа сапалы деңгейге көтерілуге тиіс,халыққа барынша жақын болуға тырысу шарт.