Жұбаныш Жексенұлы ұлын орыс қызына үйлендіріп, дүркіретіп той жасады

Әбілқайыр Жексен және оның жұбайы

Өткен демалыста Жексенұлы ұлының үйлену тойын дүркіретіп атап өтті. Әншінің қуанышына бірқатар өнер иелері ортақтасқан. Алайда олардың барлығы дерлік жас келінді көрсетуге асықпады. Тек композитор Арман Дүйсенов қана, жас жұбайлармен түскен суретін жариялап, оларға деген ақ тілегін жеткізді.

“Құрметті Әбілқайыр – Мәриям! Бақытты болыңыздар! Шын жүректен құттықтаймыз”, – деді ол.

Сазгер осылай дегенімен, желідегілер қалыңдықтың шын есімі – Мария екенін айтып жатыр. Олардың бірі Марияның қазақшаға судай екенін атап өткен. Ал өзге оқырмандар орыс қызына үйленген Абикті қатаң сынға алды.


Ұқсас тақырыптар:

Қазақ қызына үйленген орыс жігіті: Қазақтың тілін, дәстүрін қатты құрметтеймін

Шетелдік қыздар неліктен қазақ жігіттеріне тұрмысқа шыққысы келеді