"Жұдырығын қаттырақ батыруды ғана ойлап жүр". Промоутер Головкин мен Альварестің бір-біріне ашуы жайлы

Оның айтуынша, осыған дейін болған оқиғалардың бәрінен боксшылар арасында сыйластықтың жұрнағы да қалмады, олардың қалайтыны - бір-біріне жұдырығын қаттырақ батыру болып тұр. 

"Осы оқиғалардан кейін, айтыс-тартыс пен бірі-біріне деген ашық жеккөрініштен соң қарымта өте тартысты болмақ. Алғашқы жекпе-жекте промоушен сыйластықпен өтті. Ал осы жолы Альварестің допинг-тесті және Головкиннің 5 мамырда жекпе-жек өткізе алмауы жүйкеге ауыр тиіп жатыр. Жалпы рингте нағыз айқас болады", - дейді Леффлер. 

Еске салайық, боксшылар арасында алғашқы жекпе-жек былтыр 16 қыркүйекте тең есеппен аяқталған болатын. Қарымта жекпе-жек Лас-Вегаста 15 қыркүйекке белгіленген.