Бағдаршамды елемеу бұл бүгінде қоғамдық көліктерге тән құбылыстың бірі. Мәселен, мына автобус тәрізді. Сондай-ақ, қос жолақты қия өтіп, қарама-қарсы бағытқа шағу да, салон тола адамға қарамастан бір-бірімен жарысу да әдет болып тұр.
- Әбден басынып алған. Осы видеоны интернетке саламын. Міне тағы бірі жарысып бара жатыр. Сұмдық.
Қанша жерде тексеріп, ескерту жасалса да жүргізушілер ешкімге дес берер емес. Бүгін де полиция осындай жүгенсіз кеткен автобустарды бақылауға шықты. Бірақ сол баяғы жауапсыздық қайталанған. Ережені бұзу былай тұрсын, автобус біткеннің бәрінің құжаты ретсіз. Тіпті техникалық жағынан жолаушы тасымалдауға да қауіпті.
- Екі орындық жоқ. Неге?
– Енді ескі көлік қой, шірік не істейміз енд?
– Сіздегі құжат бойынша 53 орындық болуы керек!
Бұл – республикалық деңгейде қолға алынған кезекті маусымдық рейдтің бірі. Ішке және сыртқа қатынайтын автобусы көп «Сайран» бекетінде басталған. Небәрі 2 күнінің өзінде қалада 300-ден астам автобустың ереже бұзған дерегі тіркеліп үлгеріпті.
Қуаныш Әбдірешев, Алматы қалалық ІІД бөлім бастығы:
- Соңғы 3 айдын ішінде қоғамдық көліктердің кесірінен Алматыда 50 жол апаты тіркелді. Адам өлімі жоқ, десе де жүзден астам жолаушы зардап шекті, түрлі жарақат алып. Тіпті осы рейд басталған 2 күннің ішінде 330-ға жуық жол ережесін бұзған автобустар тіркелді.
Алматылық зейнеткер Виктор Нетрубов екі автобустың жол үстіндегі жарысынан зардап шеккен жолаушы. Қарт «қалада рейд жүріп жатыр» дегенді естіп, мәдениетсіз жүргізушілерге шағым айта келген.
Виктор Нетрубов, Алматы қаласының тұрғыны:
- Мен осы автобустардың кесінен зардап шеккеннің бірімін. Өйткенде біреуі екіншісімен жарасыман деп оңбай құладым. Егер осы жүргізушілерге ескертіп айтсаң, өзің сөз естисің! Көбі сондай мәдениетсіз! Соларды бір этикаға үйретсе!
Этиканы тек алматылық емес, жалпы република көлеміндегі қоғамдық көлікті тізгіндеген азаматтарға түгел үйрету керек шығар. Өйткені жол ережесін бұзу былай тұрсын, бізде сұқ саусағын көрсетіп, рөлде отырып газет оқитын жүргізушілер де баршылық. Десе де 1-ші мамырдан бастап айыппұл көлемінің екі есеге артуы сәл де болсын автобус жүргізушілерін де сабасына түсірер деген үміт бар.