Жүгенсіз жүргізушілер жаппай ұсталып жатыр

Жыл толмай жатып, Жамбыл облысында мыңға жуық жол апаты тіркелген екен. Екі жүзге жуық адам ажал құшқан. Жарақат алғандары мың жарымнан асып жығылады. Полицейлер қайғылы жағдайлардың жиілеуіне негізінен жүргізушілердің ережені ескермеуі себеп деп отыр.

Уәлихан Сексенбаев, Жол патрульдік полициясының батальон командирі:

-Себебі ол, көліктің жылдамдығын асыру. Қарсы бағытқа шығу. Осы ең бірінші себептері. Содан соң, жол әлі біткен жоқ+екі жолдың ортасында белгілері жоқ. Енді биылдыққа бітіреді деп ойлаймын.

Апаттың көбі күре жолда болады.Әсіресе автобустардың қатысуымен.«Батыс-Еуропа-Батыс-Қытай» жолымен жүйткіген қоғамдық көліктер діттеген жеріне жедел жетуге асығады екен. Сөзімізге дәлел, ұшқан құстай зуылдаған мына шымкенттік автобусты полицейлер соңынан қуып жүріп, әзер тоқтатты.

-Жылдамдықты асырдыңыз.

-Ылди ғой көке.

-Мен тормозды басып отырдым, 65 пен ұрып келе жаттым.


-380 деген автобустан оздыңыз ба,

-жоқ?

Оңтүстік Қазақстаннан шығатын автобустардың кесірінен соңғы үш жылдың ішінде 20-дан аса жол апаты тіркеліп, 36 адам опат болыпты. Сорақысы, тәжірибесі жоқ бола тұра кей жүргізушілер қоғамдық көліктің  тізгін ұстаған. Ал, мына жүргізуші өзінің де, өзгенің де өміріне қауіп төндіруде. Жол ережесін өрескел бұзып, халықаралық жолдың қарсы бетімен басып келеді.  

-Жолдағы қауіпсіздік шарасы әлі де жалғаса бермек. Тәртіп сақшылары тентек жүргізушілерді тезге салмайынша тынбаймыз деп отыр. Жалпы Жамбыл облысы аумағынан тәулігіне 500 автобус қатынайды. Оның 400-ге жуығы шымкенттік. Жуырда қоғамдық көліктердің барлығы тек күндіз ғана кісі таси бастауы мүмкін. Жергілікті билік автобустардың қараңғы уақытта облыс аумағынан сапарға шығуына шектеу қоюды сұрап, Үкіметке қат жолдады.