Жүк көлігі кабинасының үстіне шығып алған сиыр иесін әбігерге салды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ғаламторда пайда болған видео көптің езуіне күлкі үйірді. Онда ауыр көліктің кабинасына шығып алған сиырды байқауға болады.

Ал иесі жануарды қалай жерге түсірерін білмей басы қатумен жүр. Бұл көріністің видеоға қайда түсірілгені әзірге белгісіз.