Жүк орнына толтырып адам тиеген қырғыз жүргізушісінің өлермен әрекеті полицияны шошытты

-Ал , қанша адам тұр мына жерде. 1,2,3,4,5...

Бұл көлікте 7 орын ғана бар. Алайда, жүргізуші өзінен бөлек 13 жолаушыны сыйғызып жіберген. Таңқаларлығы отыратын орынның болмауынан, соншама кісі бірінің-үстіне бірі сығылысып жатыр. Ал, діттеген жерге дейін кемі үш тәулік. Арасанда бір әйел бар. Келіншек кіл еркектің ортасында жайбарақат жүр. Жүк салғышта кептелген қырғыздардың тең жарамы Тараздан түсірілді. Қалғандары Ресейге кетті. Жүргізушіге артық адам алғаны үшін тек 18 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.    

Loading...