Жүк пойызы жолдан тайып шыны тиелген вагондар аударылып қалды


Тараздан Түлкібасты бетке алып шыққан 61 вагондық пойыздың тіркемелері кенет бірінен соң бірі аударылған. Зардап шеккен адамдар жоқ. Дегенмен апат салдарынан бірнеше жүк пойызы мен жолаушы тасымалдайтын Қызылорда-Көкшетау пойызы сағаттап жарым жолда тұрып қалды. Рельстер едәуір зақымдалса керек, мамандар оны қалыпқа келтіруге біраз уақыт жұмсаған. Қазірдің өзінде пойыздар бір-ақ бағытпен қатынауда. Оқыс оқиғаның нақты себебі әзірге белгізіз. Айта кетсек, теміржолдардың тозығы жеткен бе,соңғы кездері вагондардың рельстен шығып кетуі жиілеп барады.