Жүкті әйел құрбысының сәбиін 13-ші қабаттан лақтырып жіберді – оқиғаның мән-жайы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәскеуде әйел құрбысының емшектегі сәбиін 13-ші қабаттан лақтырып жіберді. Нәресте көз жұмды.

"Пәтерде сәбидің анасы мен танысы болған. Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің құрбысы баланы терезеден лақтырып жіберген. Нәресте алған жарақатынан көз жұмды", - деді РФ ТК Бас тергеу басқармасының өкілі Юлия Иванова.

Қазіргі таңда тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл фактіге қатысты "Кішкентай баланы өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды iz.ru.

Құқыққорғау органдары сәбидің 13-ші қабаттағы пәтердің терезесінен құлағанын нақтылады.


"112" Telegram-каналдың ақпаратынша, баланы лақтырған әйелдің есімі – Дарья. Ол өзі де сәби күтіп жүр, құрбысының үйіне жүкті әйелдерге арналған бандажды алып кетуге келген.