"Жүлде жоқ" Токиода грек-рим күресінен қазақ балуандарының бәрі жеңілді

Токио Олимпиадасында грек-рим күресінен үшінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін 87 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар белдесуде.

Аталған салмақ бойынша Қазақстан сапынан Нұрсұлтан Тұрсынов кілемге шықты. Оның алғашқы қарсыласы германиялық Денис Кудла болды. Екеуара кездесу 4:1 есебімен отандасымыздың қарсыласының еншісіне шешілді.