Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз өзінің әкесімен Алматыдағы сауда үйлерінің бірінде жүріп видео жариялады.
"Бүгін әкем ауылға қайтады. Мен оған сыйлық алып бергім келіп тұр, қазір бірге таңдаймыз. Мына очкиге қарап кімнің қайын атасы екенін бірден білуге болады ғой, иә?",- деп жазды актриса.
Соңғы уақытта жұлдызды жұптың арасындағы түсініксіз отбасылық мәселелері ел арасына тарап кеткен болатын. Олар бірге ме? Жоқ па? - деген сұрақ әлі күнге оқырмандардың аузында болатын.
Осы видео арқылы актриса қазіргі таңда Қайратпен бірге екендігін мәлімдеді.