Жұлдыз Әбдікәрімова: Үлкен ұлымыз 5 жасында подиумға шыққан

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қайраттың үшінші перзенті, үлкен ұлы Нарұл 5 жасында сән сахнасына шыққан. Ол 2016 жылы Kazakhstan fashion week сән апталығына қатысып, ер балаларға арналған киім үлгілерін таныстырған. Отбасылық құпия ашылған соң, Жұлдыз Әбдікәрімова ұлының сахнаға алғаш қадам басқаны жайлы естелігімен бөлісті. Қайрат Нұртас халыққа балаларын таныстырып, концерт берді

“Нарұл Қайратұлы алғашқы қадамын 5 жасында подиумнан бастады”, – деді ол.

Еске сала кетейік, кеше Астанадағы орталық концерт залында Қайрат Нұртастың отбасылық ән кеші болып өтті.