Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында актер Азамат Сатыбалдымен бірге түскен бірнеше суретін жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz.
Екі актер алдағы уақытта “Сен және Мен” спектаклінде бірге өнер көрсетеді.
Фотосессияның мақсаты көрермендерді спектакльге қызықтыру болғанымен, әлеуметтік желі қолданушылары оны басқаша қабылдады. Көпшілік алғашында суреттерді көріп, Жұлдыз күйеуінен кек алу үшін осындай қадамға барды ма деген болжам жасады. Айта кетейік, Азамат Сатыбалды үйленген және әзірге ажырасатыны туралы ешқандай ақпарат жоқ.
Бұған дейін бір күн бұрын Қайрат Нұртас пен Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі парақшаларында жаңа “Sen zhane Men” (“Сен және мен”) әнінен үзінді жариялаған болатын. Видеода Қайрат пен Балжанның бір-біріне жақын билеп, әншінің әріптесімен еркін қарым-қатынас жасағанын көруге болады.
Алайда желі қолданушылары бұл видеоны Жұлдыздың суреттеріндегідей қызу талқылаған жоқ. Көпшілік негізінен әнге пікір білдіріп, екі өнерпаздың арасында ерекше сезім байқалмайтынын жазды. Сондай-ақ Балжанның отбасылы әріптесімен жұмыс барысында өзін жақсы ұстағанын атап өтті.
Сірә, Жұлдыз Әбдікәрімованың суреттеріне қатысты қызу пікірлерден кейін ерлі-зайыптылар бірге түскен видео жариялаған болуы мүмкін. Видеода актриса күйеуін “сымбаттым” деп атаса, Қайрат оған жауап ретінде махаббатын білдіреді. Екеуі билеп, құшақтасып, күліп тұрғанымен, Жұлдыз Қайраттың өзін тіпті бетінен де сүюіне мүмкіндік бермеген.
Жұлдызды жұптың жанкүйерлері олардың бір-біріне деген жылы қарым-қатынасын көріп, қуаныштарын жасырмады.