Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
"Бүгінгі күні кішкентай баладан "өскенде кім боласың" деп сұрасаң, "əнші боламын" деп жауап береді. Неге дейсіздер ғой... Əрине, инстаграмды ашсаң да, теледидарды қоссаң да көретініміз осы жұлдызсымақтар. Əйтеуір мынау менің үйім, мынау көлігім, мынау мысығым, мынау құсығым деп мақтанып жатады. Соны көрген жеткіншек əншілікті армандамағанда не істейді?!
Айналайындар, жылтырағанның бəрі алтын емес. Телевизия саласында 9 жылдан аса уақыт қызмет атқарып келемін. Түсірілім (съемка) үшін котедж-көлікті жалға алған өнер иелерін талай көріп жүрміз. Əншілердің 90 пайызы жалдалмалы пəтерде тұрады. Олар аю сияқты. Жаздай тойдан жинаған нəпақасын қыс бойы қорек етеді. Ал, осы "қоректі" табу үшін дəулеттінің "добы" болып жүруге мəжбүр.
Қыз бала болсаң, кейде байлардың тозып кеткен "көпшігі" бола саласың. Ал жұлдыз болуды армандайтын жастар, ойланып көріңіздер! Осы сіздерге керек пе?!", деп жазды Ахмадиев желідегі парақшасында.
"Өзі жұлдыз болу үшін мұрны сыймаған жерге басын тығып, хайп ұстау үшін не істемеді десеңші.Енді айтып отырғаны мынау" дейді Жанның оқырманы.
Оқи отырыңыз:
Шымкентте Орта Азиядағы ең үлкен су қалашығы ашылды
Қазақстанда үй сату мен сатып алу жиілей бастады