Жұлдыз Өмірғали “КешYou” тобынан кетуінің себебін ашып айтты

Оған әншінің өзі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында жауап берді, деп жазады Stan.kz.

“Себебі менің мамандығым бойынша әнші емеспін.  Сондықтан, ортақ шешім қабылдап, сен жүргізушілікке баршы деп айтты. Менен жақсы актриса шығады деп айтты”, – дейді Жұлдыз.

Иә, бүгінде Жұлдыз концерт жүргізіп, отандық телехикаяларда актриса ретінде тәжірибесін шыңдап жүр. Ал, жақында Жұлдыз ақ келін атанады деген ақпаратқа не дейсіз?!


“Тұрмысқа шығады деген ақпарат ол рас емес! Білмеймін қайдан алынғанын? Әзірге тұрмысқа шығу… ондай ойда жоқ”, – деп жауап берді ол.

Есте болса, Баян Есентаева Жұлдыздың әнші ретінде кәсібилігіне көңілі толмайтынын айтқан еді.