Тоқты
Бұл белгіде туылған адамдар сырт көзге достыққа өте бейім, бауырмал көрінеді. Кез келген әділетсіздікте бар ынты-шынтысымен шындықты іздеп, бар білгенімен бөлісіп, қызу талқылаудың көркін келтіруі мүмкін. Тоқтылар өз ойын үнемі тіке айтады. Өз қажеттілігін бірінші орынға қояды және ойының бәрі сол көздегені болады, ол кезде айналасындағыларды мүлде ойламайды. Өзінің біреуге ыңғайсыз жағдай туғызып, ренжітіп алатыны жайлы ойламайды, оны сезінбейді де.
Торпақ
Бір топ адамның арасынан көп сөйлемейтін адам көрсеңіз, ол – Торпақ.
Егіздер
Іштей идеал болуға ұмтылады. Өмірдің мағынасын түсінуге тырысады.
Шаян
Шаяндар өз үйін өте жақсы көреді, оған үлкен құрметпен қарайды. Олар өздерін ешқашан қауіпсіз сезіне алмайды.
Арыстан
Ақшаны үнемдеп ұстай алмайды. Сән-салтанатты өмірге құштар. Қыдыру мен бір сәттік ләззатқа бар ақшасын шаша салуы мүмкін. Қанша шағым түсіріп жатса да, өмір сүруге бейімділігі өте жоғары. Барлық Арыстандар өсек-аяңға құмар.
Бикеш
Олар бір орында ештеңе істеместен ұзақ отыра алмайды. Махаббат пен ақшаға келгенде сараңдау.
Таразы
Бұл белгіде туылған жандар өте мейірімді, бірақ, түнеріп кетуі де мүмкін.
Сарышаян
Сарышаяндар тек өзінің қамын ойлағанмен, жақындарына сөзбен де, іспен де көмек бере алады. Оларда шынайы дос та, тісін қайраған дұшпан да кездеседі. Бірақ, дұшпандарының өзі құрмет көрсетіп, жақсы пікір айтуы мүмкін. Сарышаяндар сирек қорқып, қауіпті сирек сезінеді. Адал дос бола алады. Достық үшін кез келген қиындықты жеңе алады. Өзіне жасалған жақсылықты, сыйлықты ұмытпайды, сондай-ақ біреудің тарапынан болған реніш пен сатқандықты ешқашан ұмытпайды. Кек алуды жоспарлап жүріп, орындамай қалуы жиі болады. Мақсат еткен нәрсесінің бәрі де қолынан келеді.
Мерген
Мергендер – өте ашық, бауырмал жандар. Бойында зұлымдық та, жаман қасиеттер сирек кездесетіндіктен ренжіп, өкпелей алмайсыз. Оның әдепсіз, жөнсіз мінез-құлқының астында көбіне мол ақыл мен қатаң ұстанымдар жатады. Өздерінің дипломатиялық адамдар екеніне Мергендердің өздері таң қалады. Олар әр ісін адал, еш арамдықсыз жасайды. 6 жасар бала секілді өте шыншыл келеді. Үнемі қозғалыста болады, жануарларды, жылдамдықты, спортты жақсы көреді.
Тауешкі
Тауешкілермен күресіп, пайда таппайсыз, олар бәрібір өз дегеніне жетеді. Табыс, құрмет, билік – олар үшін сүйікті нәрселер. Ойламаған жерден сын айта салуы мүмкін. Көбіне өзіне қажетсіз дұшпан пайда болмасын деп барын салады, тіпті сіздікі дұрыс болмаса да, келісе салуы мүмкін. Қызғаншақтық, құмарлық, жалқаулық, немқұрайдылықтан өзі емес, басқалар зардап шексе деп ойлайды. Ондай адамдарға аянышпен бір қарап, ары қарай өз мақсатына жол тартып кете береді. Романтиканы жақсы көргенімен, оған барынша берілгісі келмейді. Халық алдында ұрысып не құшақтасып тұра алмайды. Өзінің ата-бабасын идеал көріп, оларға келер ұятты ойлайды
Суқұйғыш
Суқұйғышта дос көп болмайды. Ол санға емес, сапаға назар аударады. Бұл белгідегі жандарға бір рет қызық болмай қалсаңыз, олардың қайта бұрыып қарауы екіталай. Ал шын мәнінде қызық болсаңыз, ештеңеге қарамай сіздің қасыңыздан табылады. Оларда ашуланған адамды сабырға келтіретін, жылаған адамды не баланы жұбата алатын ерекше қасиет бар. Өзін жалғыз сезінген кездері жиі және ұзақ болады, ол кездері жалғыз қалдырған дұрыс. Бір іске келісім жасарда ешкім ешкімге қарыз, міндетті болмай, ортақ мәмілеге келгенді қалайды.
Балықтар
Билік жүргізе білмейді, бірақ арасында шығармашылық пен әртіс адамдар өте көп. Басқа адамдарды басқару мен билікке мүлде ұмтылмайды. Ақшаға да кетәрі емес, бірақ басқабелгілерге қарағанда, Балықтар ақшаның уақытша екеніне сенеді. Олар бай болғысы келмейді, бірақ байлар сияқты өмір сүргісі келеді. Өздері түскен күймен күресуге шамалары жетпейді. Өмірдің қалай ағып жатқаныны бәрібір өзіне ешкім тиіспесе болды. Өзі туралы сырт көздің пікірі де маңызды емес. Жалпы көп құбылыстарға немқұрайдылықпен қарайды.