«Жұлдыздар матчында» Құрбан Бердиев «Қайрат» ФК құрама командасын басқарады

«Қайрат» ФК аты аңызға айналған футболшыларынан құралған құрама командасын белгілі жаттықтырушы Құрбан Бердиев басқаратын болды. Бұл туралы бүгін «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметінен хабарлады.

Құрбан Бердиев өткен ғасырдың 70-ші, 80-ші жылдары «Қайрат» командасының сапында өнер көрсеткен майталман футболшы екені белгілі. 1989-1991 жылдары Мәскеуде жоғары жаттықтырушылар мектебін бітірген соң ол жаттықтырушылық жұмысқа ауысты. 1994-1995 жылдары «Қайрат» футбол клубын басқарды.

Сондай-ақ «Қайрат» құрама командасының қарсыласы - әлем құрама командасының құрамы белгілі болды. Ондағы қақпашылар: Франческо Тольдо, Йенс Леманн, қорғаушылар: Паоло Мальдини, Хавьер Дзанетти, Алессандро Костакурта, Кахабер Каладзе, Фабио Каннаваро, Кристиан Пануччи, жартылай қорғаушылар: Сержиньо, Ривалдо, Луиш Фигу, Леонардо, Эдгар Давидс, Кларенс Зеедорф , шабуылшылар: Андрей Шевченко, Кристиан Вьери жәнем Дуайт Йорк.

Әлем құрама командасын атақты итальяндық жаттықтырушы Фабио Капелло басқарады. Ал «қайраттықтардың» құрамы әлі нығая түсуде. Атақты Евстафий Пехлеваниди мен Владимир Нидергаустың «Жұлдыздар матчына» қатысуға келісім бергендері белгілі болды.


Сонымен «Қайрат» құрама командасының сапында Фанас Салимов, Сергей Стукашов, Валерий Гладилин, Сергей Рожков, Евгений Яровенко, Евгений Кузнецов, Игорь Авдеев, Руслан Балтиев, Дмитрий Огай және Михаил Гурман сынды атақты футболшылар өнер көрсетеді.