Көпшілік оның Жұлдыз Әбдікәрімовамен аралары суып кеткенін айтқан, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Гүлзира Айдарбекова екінші келіні Әйгерімді туған күнімен құттықтаған.
«Айналдым ақ келінімнен! Жаным сол, бүгін сенің туған күнің! Алла саған ғұмырлы да мәнді ұзақ өмір жазсын! Менің түсінгенім, өмірлік жарын, жүрегінің пәктігімен шын сүйген келін, күйеуінің ата-анасын, өзінің ата-анасындай, оның бауырларын өз бауырындай уақыт келе қабылдай біледі екен. Ата-анаға деген құрметті бізге сезіндіре алғаның үшін, бізге деген жылылығың үшін біз сені отбасымызбен жақсы көреміз.
Оны бақылап отырған оқырмандарым да, сені көп мақтай бермесем де байқап жатқандары шындық. Мақтауға тұрарлықсың, тек көз тимесе екен деген ниетпен… Мақтануға қорқақтайтыным ол да рас. Азғырушылар да аз болған жоқ, бірақ соның бәріне жол бермей, даналығын айтып, тектілігімен көрсетіп, тәрбие беріп отырған, сені өмірге алып келген Дана құдағиыма, Алихан құдамызға мың алғыс! Әйгерім Аян екеуің абыроймен 100 жасап ұрпақтарыңның бақытын көрулеріңді жазсын Алла!», - деп жазды ол.