«Жұлдызды би» республикалық фестивалінде Павлодардан келген жас әртістер жеңіске жетті

6-11 жас аралығындағы балалар қатысатын клубтың кіші тобы байқауда «Кішкентай ханзада» вальсін тамаша орындады. Үлкен топтың балалары латынамерикандық билерді екпінді орындап, біріншілікке ие болды. Павлодарлық бишілер «Бал хореографиясындағы үздік ұжым» болып атанды.

Астанадағы фестиваль Қазақстанның аймақтарынан 200-ден астам бишілерді жинады.

«Жұлдызды бидің» ұйымдастырушысы - «Astana-stars» жастар қозғалысы, фестивальге Астана қаласының әкімдігі және «Нұр Отан» ХДП қолдау көрсетті.