Жұма күні Алматыда он бір ықшам аудан тұрғындары орталық суық су желісінен ажыратылады. Бұл туралы бейсенбі күні «Бастау» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны хабарлады.
«Жерасты өткелі салынып жатқан аумақтағы су құбырларының басқа жерге ауыстырылуына байланысты 20-қыркүйек күні таңғы сағат тоғыздан кешкі 21:00-ге дейін Ақсай-4, Ақсай-5, Жетісу-1, -2, -3,, Достық, Мамыр-1, -2, -3, -7 ықшам аудандарында суық су болмайды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Таугүл-1, -2, -3, Орбита-1, -2, -3, -,4 ықшам аудандарының су құбырларында қысым төмендейді.
Бала-бақшалар мен мектептерге су қосымша жеткізіледі.