«Бүгін біз жұма, 14 ақпан күні Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін кеңейтілген жиынға шақырту алдық», - деді Қ.Келімбетов.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Ұлттық банкі 2014 жылдың 11 ақпанынан бастап теңгенің бұрынғы деңгейін сақтап тұрудан, валюталық интервенциялардың көлемін азайтудан, теңгенің айырбас курсын құру процесіне араласудан бас тарту туралы шешім қабылдағанын жария еткен еді. Сондай-ақ теңге курсының жаңа бағамы 185 АҚШ доллары төңірегінде болатындығын хабарлаған-ды.