Жұма күні Лондон Олимпиадасында 2 медаль жиынтығы ойнатылады

Бадминтоншылар бір жиынтыты өзара сарапқа салса, екі медаль велошабандоздар арасында ойнатылады (әйелдер мен ерлер).

Академиялық ескек есу бойынша төрт жеңімпаз анықталады.
Бүгін қалың көрермен дзюдошылардың да өнерін тамашалайды. 78 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі әйелдер және салмағы 100 келіден асатын ерлер бақ сынасады.
Жеңіл атлеттер екі медальді бөліске салады. Ерлер ядро лақтырудан, әйелдер 10 мың метрге жүгіруден жарысады.
Жүзу спортының өкілдері арасынан бүгін төрт медаль иегері анықталады: әйелдер, 200 м., арқамен жүзу; ерлер, 100 м., баттерфляй; әйелдер, 800 м, еркін жүзу; ерлер, 50 м, еркін жүзу.
Сонымен қатар, бүгін ерлер арасында батутқа секіруден әлем чемпионы анықталады.
Қос награда жиынтығын мерген ерлеер сарапқа салса, ауыр атлеттер екі алтын медаль үшін күреседі. 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ерлер мен 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі әйелдер күш сынасады.
Сондай-ақ, бүгінгі жұма семсерлесушілердің арасында мықтылар анықталатын күн болғаы отыр.