Жұма күні республиканың басым аумағында күн ашық болып, батысында ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі

Жұма күні Астанада көшпелі бұлт шығады, шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады, ауа температурасы +26+28 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, 0-5 м/с самал соғады, ауа температурасы +30+32 градус болады.

Синоптиктердің мәліметтерінше, Қазақстанның солтүстігінде Қостанай облысында ғана өтпелі жауын жауады, ауа температурасы +28+33 градус болады. Басқа аймақтарда жауын-шашынсыз ауа р� �йы болады: Солтүстік Қазақстан облысында – түнде кей жерлерінде тұман түседі, ауа температурасы +23+28 градус болады. Ақмола, Павлодар облысында ауа температурасы +23+28 және +22+27 градус болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында күн ашық, ауа температурасы сәйкесінше, +25+30 және ++20+25 градус болады.

Республиканың оңтүстігінде барлық аумағында күн ашық болады: Жамбыл облысында кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, ауа температурасы +33+38 градус, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында ауа температурасы +32+37 және +38+43 градус болады. Алматы облысында ғана өтпелі жауын жауып, күн күркіреп, кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады, ауа температурасы +27+32 градус болады.

Қазақстанның батысында Ақтөбе облысында ғана аздап жауын жауып, күн күркіреп, 15-20 м/с жел соғып, ауа температурасы +36+41 градус болады. Батыс Қазақстан облысында аздап ж� �уын жауып, кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы +33+38 градус болады. Маңғыстау, Атырау облысында ауа райы жауын-шашынсыз, ауа температурасы +38+43 градус, Атырау облысының жекелеген а удандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Маңғыстауғ Атырауғ Ақтөбе облыстарында күн ыстық болады, Батыс Қазақстан облысының жекелеген аудандарында өте ыстық болады. Жамбыл, Қызылорда, сондай-ақ Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында өте күшті ыстық сақталады.

Жақын күндері Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында су деңгейі құбылып тұрады. Қазақстанның басқа өзен көлдерінде айтарлықтай өзгерістер болмайды