Stan.kz арнасына сұхбат берген Бердах Бекетовтың әпкесі оның Арман Жұмагелдиевке қатысы жоқ екенін айтты.
"Інімнің Арман Жұмагелдиевпен ешқандай байланысы жоқ. Халыққа көмектесеміз дегенді естіп, алаңға рухтанып барса керек. Арман Жұмагелдиевтің артынан сол күндері кім ермеді? Халықты құтқарады екен деп бәріміз соған табына қарадық қой. Кімнің ақ, кімнің қара екені әлі белгісіз. Алайда Бердахтың ешқандай қылмыстық топтармен байланысы болған емес.
Сол видеолардың таралуына өзіміз танитын бір кісілердің септігі тиген. Бір қазақ екінші қазақты көре алмайды. Айтсақ, өзімізге тиеді. Блогерлердің арасында жүрген сол адам өзінің instagram парақшасына “міне, митингіге шыққандар, бұларды ұстау керек” деп жариялап жіберген. Ең сорақысы, 21 қаңтарда Бердахтың ұлы дүниеге келді, өзін 22 қаңтарда ұстап әкетті", - деді Бердах Бекетовтың әпкесі.
Сондай-ақ, әпкесі інісінің қазіргі жағдайы туралы және іс қалай жүріп жатқаны туралы да айтты.