Жұмаға қараған түні Қарағандыда үш автокөлік өртеніп кетті

«Бір автотұрақта тұрған «Фольксваген Гольф-4», «Хюндай» және «Опель» көліктері бір мезетте өртеніп кетті.

Өртенген көлік иелері полицияға арыз берді», - деп хабарлайды Қазыбек би аудандық прокуратура өкілі.
Оның айтуынша, өрт-техникалық сараптама қорытындысы болмағандықтан қылмыстық іс қозғалған жоқ. Дегенмен, көліктердің қасақана өртелгені көзге көрініп тұр, деп қосты маман.