"Жұмылған көздері ашылып, жүрегі соға бастады". Қайтыс болған қыз жерлеу алдында қимылдай бастаған

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме  жасап.

Жеткіншек Проболинго қаласындағы ауруханада қант диабетіне байланысты асқынулардан қайтыс болған. Бір сағаттан кейін ата-анасы қайтыс болған қызын жерлеу үшін алып кетті.

"Оның денесі жуылып жатқан кезде, ол күтпеген жерден жыли бастаған", — дейді қыздың әкесі.

"Жұмылған көздері ашылып, жүрегі соға бастады, біз оның қимылдай бастағанын байқадық", - дейді ата-анасы.



Ата-анасы шақырған жедел жәрдем дәрігерлері баланы оттегі аппаратының көмегімен реанимациялауға тырысты, бірақ бір сағаттан кейін дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлады.

Қызды қайтадан жуып, жерлеген. Полиция оқиғаның мән-жайын тергеуді бастады.

Бұған дейін 83 жастағы украин әйел туыстары жерлеуді дайындағаннан кейін "өмірге келді" деп хабарланған болатын. Зейнеткер 10 сағат бойы өмір сүру белгілерінсіз жатқан.