Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Актриса Айгүл Иманбаева Аман Тасығанға берген сұхбатында кафедегі әйелдер дәретханасында белгісіз біреулер өздерін дуалап тастағанын айтты. Оның сөзінше, ұлын екеуінің суреттері инелер, түйреуіштер, топырақ, қасық, шаш сияқты заттармен қорланған. Ол осындай 300 суретті тапқан.
"Мен бүкіл ғимаратты басыма көтеріп, айғайлап жыладым. Ішімнің барлығы өртеп бара жатқан сияқты болады. Тек айғаймен шығады. Бір күні ана кісі жұмыртқаны жарды. Бірінші оқыды ана кісі, сөйтіп шикі жұмыртқаны жарғанда бір уыс шаш шықты.
Ескі деп айтайын десем, оны өзім сатып алдым. Ішінде ақуызы мен сарысы балғын, бірақ шетінде шаш тұр. Жұмыртқаға инемен тесіп кіргізді дейін десең, ол да мүмкін емес. Маған сосын: "Қорықпаңыз, екі аптадай аузыңыздан әлі шаш шығып жүреді" деді. Мынадай шаш алып шығып жүрдім, бірақ сонда да сенбей жүрдім. Ойладым, аузыма шашым жабысып, түсіп жүрген шығар деп. Біз солай тазаландық, қазір көзіміз ашылды", - деп ағынан жарылды әнші.