Қоғам белсендісі ата-аналарға барлығын мұғалімге жаба бермей, өз қыздарына өздері ие болуға шақырды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Өте қорқынышты статистика. Карусельді жылжытып қай өңірлерде ерте босанған оқушылар туралы оқи аласыздар... 14 жасқа дейінгі деген, значит 12-14 жас аралығында бала туды.
Менде бір сұрақ: бұл оқушы қыздардың балалары қайда? Жетімдер үйі осылармен толып жатқан жоқ па деген үрей бар... Жұмыс, бай, өсек дей бермей қыздарыңа қараңдар! Кешке дейін қолдарыңнан смартфон түспей #қалаулымпалаулымды көріп отырып, қыздарың кіммен түнеп жүргенін де білмейсіңдер!
Содан кейін бәріне мұғалім кінәлі деп шығасыңдар. Мұғалім сендердің жетілген қыздарыңды қалай тыйсын?! Қазіргі көргенсіз желөкпелер ұстазды сыйлаудан қалған. Оны осы интернеттен де көріп отырмыз. 12-17 жаста бұлар төсектегі жыныстық қатынасты ойлап емес, кукламен ойнап отыру керек!", - деп жазды журналист.