Жұмыс істейтін қазақстандықтардың 82 пайызы жеке кәсіп ашуды ойлайды

«Былтыр HeadHunter компаниясы hh.kz порталында тіркелген 2 686 қазақстандықтардың арасында сауалнама жүргізді. Нәтижесінде олардың 82 пайызы жеке кәсіпкерлік ашуды ойлайтындықтарын айтқан. Зерттеуге тартылғандардың 50 пайызы қатардағы мамандар болса, 26 пайызы - орта деңгейлі менеджерлер, ал 24 пайызы желілік басшылар болды. Жалдамалы қызметкерлердің 87 пайызы болашақта бизнеспен айналысқылары келетіндіктіктерін көрсеткен», - делінеді хабарламада.

Сонымен қатар адамдардың 54 пайызы кәсіпкерлік бірінші кезекте адамды тәуелсіз етеді деп есептейді. Ал 30 пайызы жақсы кіріс көзі деп ойласа, 14 пайызы тек ермек үшін ашуға болатындығын жеткізген. Тек 1 пайызы ғана бизнес ең алдымен бедел береді деп айтқан.