Қаңтарда компанияның бас директоры Виджай Махадеван жұмысшылардың жалақысын 25 пайызға қысқаратыны туралы бұйрық шығарған еді. Ол қаржылық қиындыққа тап болғанын және мемлекеттен алажақ 12 миллиард теңгеге қол жетпей жатқанын айтып ақталған. Алайда прокуратура тексерісінен кейін бұйрықтың заңсыз шыққаны анықталды. Кейін мемлекет қарызын қайтарды, компания да жалақына түгел таратқан болатын. Десе де, енді заңсыз бұйрық шығарған бас директор әкімшілік жазаға тартылып отыр. Енді жарты миллиардттан астам теңге айыппұлды Махадеван өз қалтасынан төлеуі тиіс.
Loading...