Еңбек министрлігінің «Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтердің шекті деңгейін бекіту туралы» бұйрығы бойынша төлем мөлшері төмендегідей, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
- бірінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 35 000 теңгеден көп емес;
- екінші және үшінші санаттағы жұмыссыздаp үшін – 43 750 теңгеден көп емес.
Облыс, қала, ауданының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органында тіркелген жұмыссыздарға:
- бірінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 43 750 теңгеден көп емес;
- екінші және үшінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 52 500 теңгеден көп емес.
Порталда көрсетілгендей, бұйрық 12 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.