Жұмыста жүйе жоқ, педагогтерді әбден шатастырып, миларын ашытып бітті - қоғам белсендісі оқу-ағарту министрлігі туралы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қоғам белсендісі "Парасат" орденіне басқа атау беру қажеттігін ұсынды.

"Парасат" деген сөзді қимаймын, құттықтау сөздің орнына. "ПАРАСАТ" орденімен марапатталатындай не бітірді? Министр қызметінде жұмыс істеп жүргеніне жарты жыл да болған жоқ. Қандай жетістікке қол жеткізді, қандай нәтиже көрсетті?

Күнде басы бар аяғы жоқ бір жаңалық енгізеді, жұмысында жүйе жоқ, перспективасы бұлыңғыр, республика педагогтерін әбден шатастырып, адастырып, миларын ашытып бітті.

Билікке қай мінезімен жақты? Жоғары жақтың тапсырмасын "үздік" орындайды", деді жазба иесі.

Қоғам белсенідісі мұны көре алмаушылық дегендерге де жауап берді.

"Менікі көреалмаушылық деп жазатын комментаторларға айтарым: орденді алса ала берсін, оған лайық емес екендігін өзі де іштей сезетін шығар? Мансапқор, билікқұмар пенденің арманы орындалды. Мәселе орденде, марапатта емес... Ондайлардың талайын көргенбіз, кейбіреулері коррупционер атанып, темір тордың ар жағынан бір-ақ шықты. PS: "Парасат" деген сөзді қимаймын. Бұл орденді басқаша атаса, болмай ма?", - деп жазды ол.