Жұмыстан айырылған журналистер өз қаражаттарына жаңа газет шығара бастады

Оларды мұндай қадамға баруға бір жағынан экономикалық жағдай, екіншіден, өз істеріне деген сүйіспеншілігі итермелеген, деп хабарлайды «Қазақстан» ұлттық арнасы.

«Редакторлардың газеті» деп аталатын жаңа басылым қызметкерлерінің барлығы бұрын бүкіл елге әйгілі болған «Баспасөз бостандығы» газетінің тілшілері. Газет басшылығы оларға жалақыларын төлей алмай, былтыр қызметтен босатыпты.

Сөйтіп, журналистер 1000 еуродан жинап, жаңа газет ашады. Десе де, бұл басылымның да жағдайы мәз емес қазір. Себебі, жұмыссыздық рекордтық 25 пайызға жеткен елде, күніне оның тек 15 мың данасы сатылады. Және де мамандар газеттің көп бөлігін жарнамаға арнауға мәжбүр.