Жұмысты қойдым, мүгедектікке шығамын - Сәбит Әбдіxалықов

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Басынан дау арылмаған М.Әуезов театрының директоры қызметінен біржола кететін мәлімдеді. 

«Мен жұмысты қойдым. Мүгедектікке шығамын. Мүгедектікке шығу үшін өзінің арнайы талаптары бар, комиссия қарайды. Соның шешімін күтіп жатырмын», - деді әлі ресми түрде лауазымды қызметтен кетпеген Сәбит Әбдіхалықов.

Театр директоры осыдан 4 жыл бұрын инфаркт алып, жүрегіне стент салдырыпты. Алайда, жүректің жұмысы толық жақсарып кетпей, әлі күнге дейін мазалайтын көрінеді. Сондықтан, жүрекке артық салмақ түсірмеу үшін министрлікпен арадағы кикілжіңге қатысты кейінірек пікір білдірмекші.

«Жүректің фракциясы 55%-дан төмен болмау керек екен. Ал менкі 45%-ға түсіп кеткен. Емделіп жатырмын. Маған қазір тыныштық керек. Уайымдасам қан қысымым көтеріліп, ем қонбайды. Дәрігерлер тыныштық керек деді. Министрлік қазір мазалап жатқан жоқ. Денсаулықты дұрыстап алайын, сосын бұл мәселе туралы айтамын, бұлай қалдырмаймын», - деді әкемтеатрдың директоры.

Есте болса, актер – театр қызметкері Берік Айтжанов министрмен болған кездесуде өнер ұжымының деңгейінің 
«плинтусқа» дейін түсіп кетті
 деп шағымданған болатын. Алайда, С.Әбдіхалықов мұны жабылған жала деп отыр.

«Мен ақаталатындай ештеңе бүлдірген жоқпын. Берік Айтжановтың өзі екі айда театарға бір келеді. Спектакльдерді көрмейді. Берік Айтжанов маған емес, Асанәлі Әшімовке тас лақтырып отыр. Өйткені көркемдік кеңестің жетекшісі – Әшімов. Мен олардың сөйлегендерін елеп отырған жоқпын. Олардың маған қарсы пікірлерін, мен туралы жазғандарын да оқымаймын. Олармен айтысып-тартыссам денсаулығымды құртып аламын. Аман болсам бәрін уақыты келгенде айтып үлгерем», - деді Сәбит Әбдіхалықов.